World News

Барлық талапкерге грант жете ме? Министрлік жауап берді

2025 жылы барлық талапкерге білім беру гранттары жете ме? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова талапкерлер саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

"Биыл грант тағайындау конкурсына 113 мың талапкер өтініш берді – бұл, негізінен, жеткілікті. Қазір талдау жүргіземіз және тамыздың бірінші онкүндігінде нәтижелерді жариялаймыз", – деді Көбенова Үкіметтегі баспасөз конференциясында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте