«Келінжан»: қазақ келінінің бейнесі мен ауыл өмірінің шындығы
Қазақ қоғамында әйелдің рөлі ешқашан жеңіл болған емес. «Ана», «келін», «жұбай» деген қасиетті ұғымдардың артында үлкен жауапкершілік, төзім мен еңбек жатыр. Соңғы жылдары бұл тақырыпты қозғайтын фильмдер мен сериалдар көбейіп келеді. Солардың ішінде халықтың ерекше ықыласына бөленген туынды – «Келінжан».
2018 жылдан бастап «GG Cinema Production» студиясы түсірген бұл сериалды көрермен бес маусым бойы сүйіп көрді. «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша жарық көрген жоба ауыл өмірінің тынысын, қазақ отбасындағы дәстүр мен қазіргі заманның арақатынасын нанымды бейнелейді. Фильм Күлімхан апаның үлкен отбасындағы келіндер мен балалар арасындағы қарым-қатынасты суреттейді. Әрбір кейіпкердің мінезі, тұрмысы, іс-әрекеті өмірден алынғандай әсер қалдырады. Күлімхан апаның үш келіні —...