World News

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері ауа райына антициклон ықпал етеді. Сондықтан түнде салқын болады. Батыс, солтүстік-батыс және республиканың оңтүстік-шығысына циклонның алдыңғы бөлігі әсер етеді. Бұл өңірлерде көбіне бұлтты болып, кей жерлерде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Батыста қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте