World News

“Отан“ орденінің иегері Юрий Аравин дүниеден өтті: Тоқаев отбасына көңіл айтты

Президент көрнекті мәдениет қайраткері, "Отан" орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан айрықша үлесін атап өтті", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, Юрий Аравин 84 жаста еді. Қайғылы хабарды марқұмның қызы Ирэна Аравина бөлісті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте