Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі, рухани серпіліс бастауы
Биыл қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл мерейтой – тек өткенді еске алу емес, болашаққа бағытталған рухани серпіліс, ұлттың өз тамырына қайта үңіліп, жаңа биіктерге ұмтылуға мүмкіндік берген маңызды тарихи белес.
Ел көлемінде және халықаралық деңгейде өтіп жатқан ғылыми конференциялар, әдеби форумдар мен мәдени жобалар қазақ руханиятының терең тамыры мен бай мұрасын жаңа қырынан танытуда. Абайдың даналығы мен адамзаттық құндылықтарды дәріптеген шығармалары бүгінде шекара асып, әлемнің жетекші университеттері мен мәдени орталықтарында зерттеліп, насихатталуда. Бұл - ұлы ойшыл мұрасының әмбебаптығын және адамзатқа ортақ рухани мәнін...