World News

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теңге бағамы бойыншаҚазанның қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 529,96 теңгеге дейін, яғни 3,5%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 248 млн АҚШ долларынан 271 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі - 6 млрд АҚШ доллары.Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?Қазанда Ұлттық қордан 660 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуге, "Талдықорған-Үшарал" газ құбырын салу бойынша жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берген. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 11%-ы немесе күніне шамамен 30 млн АҚШ доллары болған.

Интервенция бойыншаҰлттық банк қазанда валюта интервенциясын жүргізген жоқ.

БЖЗҚ бойыншаҰлттық банк БЖЗҚ валюта активтерінің үлесі жоспарға сәйкес шамамен 40% екенін ескеріп, қазанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмаған. Ұлттық банк мәліметінше, қарашада да валюта сатып алу жоспарланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте