World News

ШҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.24 қараша сағат 13:30-да ауа райының бұзылуына байланысты мына тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

"Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1104-1191 шақырымы аралығы (Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін);"Өскемен-Риддер- РФ шекарасы" автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін).

Жолды 2025 жылғы 25 қараша сағат 21:30-да ашу жоспарланған.
Кейін сағат 14:00-ден бастап барлық көлік қозғалысына шектеу енгізілгені айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте