“Әлеуметтік желілердің қазіргі жастарға әсері”
Бүгінгі цифрлық дәуірде әлеуметтік желі адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл платформалар адамдарға жылдам байланыс орнатуға, ақпарат алмасуға және өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілер интернетте 1995 жылдан бастап кең тарала бастады. Дәл осы жылы алғашқы әлеуметтік желі — Classmates.com пайда болды. 2003–2004 жылдары MySpace пен Facebook жобалары іске қосылды. Бұл платформалар бірнеше миллиондаған аудиторияны өзіне тартып, жарнама саласының дамуына да үлкен әсер етті.
Жастардың 21,5%-ы әлеуметтік желілерді анда-санда қолданатынын, 9,4%-ы сирек пайдаланатынын айтқан. 1,9%-ы мүлде қолданбайды, ал 1,1%-ы нақты жауап бермеген. 2025 жылы әлем бойынша әлеуметтік желідегі белсенді қолданушылардың саны шамамен 5,42 млрд адамға...