Қартаймайтын ойыншылар
Футбол әлемінде уақытты жеңіп шығу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бірақ жылдар өтсе де өз шеберлігі мен дене бітімін сақтап қалған ойыншылар бар. Олар — өз ісіне адалдығы, еңбекқорлығы арқылы жас буынға үлгі бола білген нағыз кәсіби спортшылар.
Қазіргі таңда денсаулығына ерекше мән беретін футболшылардың бірі – Криштиану Роналду. Оның 20 жылдан астам уақыт жоғары деңгейде ойнап келе жатқаны бекер емес. Жетістігінің құпиясы — қатаң тәртіп, дұрыс тамақтану және үздіксіз даму. Ол сұхбаттарында Coca-Cola сусынының орнына таза су ішуге кеңес береді. Бүгінде Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында тер төгуде. Ақпанда 41 жасқа толатын Роналдудың физиологиялық жасы WHOOP денсаулық трекерінің...