Биыл утильалымнан ел қазынасына 324 млрд теңге түсті
Кәдеге жарату төлемдерінен түскен қаражат Экология кодексінің 388-бабына сәйкес қатаң түрде мақсатты бағыттар бойынша жұмсалады. Аталған бапта қаражатты пайдалану тетіктері мен нақты бағыттары айқын белгіленген.
– 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша утильалым төлемдерінен түскен жалпы түсім 324 млрд теңгені құрады. Оның ішінде көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен автокомпоненттерді өндірушілерден шамамен 133,3 млрд теңге түсті. Ал импорттаушылардан түскен қаражат көлемі 172,8 млрд теңгені құрады, – деді «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар оның мәліметінше, техника мен автокомпоненттерді отандық өндірушілерге 140,9 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылған. Қазіргі таңда шығыстар мен түсімдер арасындағы 7,6 млрд теңге айырмасы жаңа маркалы көлік құралдары бойынша өндірушілермен келісімшарттар жасасу кезеңінде тұр. Ал автокомпоненттер бойынша қайтарымға өтінімдер түспеген.
– Үкіметтің №604 қаулысы аясында қайтарымды негізде қаржыландырылатын жобаларға шамамен 125 млрд теңге бағытталды. Бұл қаражат тұрмыстық қатты қалдықтар саласындағы жобаларды іске асыруға, өрттерді ерте анықтау жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ экологиялық катаклизмдердің алдын алу және салдарын жою үшін арнайы техника алуға жұмсалды, – деп толықтырды «Жасыл даму» АҚ өкілі.
.
Сообщение Биыл утильалымнан ел қазынасына 324 млрд теңге түсті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.