World News

3 республикалық маңызы бар тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қазақстанда 3 республикалық маңызы бар тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.2025 жылғы 29 желтоқсан сағат 9:00-дағы жағдай бойынша, ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Атырау облысы:

"Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау" автожолының 130-210 шақырым аралығы (Құлсары ауылынан Маңғыстау облысының шекарасына дейін).

Жетісу облысы:

"Үшарал – Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылынан – Достық станциясына дейін).

Маңғыстау облысы:

"Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау" автожолының 210-632 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Шетпе ауылына дейін).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте