“Қызымды азаптап, қинап, өлтірді“: Айзаттың анасы күйеу баласын өмір бойына соттауды сұрады
Марқұм Айзат Жұманованың анасы соттан күйеу баласына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
8 қаңтарда Талдықорғанда резонанс тудырған іс бойынша сот отырысы өтті. Іс бойынша айыпталушы – қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуі Айбар Жанболат.
Бүгінгі сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айыпталушыға орташа қауіпсіздік мекемесінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Алайда қаза тапқан әйелдің анасы бұл жазамен келіспей, соттан күйеу баласына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті.
"Мен алтын асықтай қызымды қолыңа салып бердім. Қызымның қадіріне жете алмады. Қызымды азаптап, қинап, өлтірді. Ең құрығанда бір жері болса жарайды, абайсызда деп ойлар едім. Бірақ мен бұған мүлдем келісе алмаймын", – деді сотта қаза тапқан Айзат Жұманованың анасы көз жасын тыя алмай.
Сот залынан:©️ Tengrinews.kz
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!