World News

Алматы тұрғыны үйіне 109 адамды заңсыз тіркеп қойған: ол қалай жазаланды?

Алматы прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы прокуратурасы мәліметінше, тұрғын сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны анықталған.

"Резіңке" пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте