World News

Астанада -30 градусқа дейін аяз болып, Алматыда қалың қар жауады

Синоптиктер Астана мен Алматыдағы 14, 15 және 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

14 қаңтар - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –28…–30 градус, күндіз –21…–23 градус.

15–16 қаңтар - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –26…–28 градус, күндіз –20…–22 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

14 қаңтар - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде 0…–2 градус, күндіз +3…+5 градус.

15 қаңтар - аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде –3…–5 градус, күндіз –1…+1 градус.

16 қаңтар - аспан бұлтты, кей уақытта қар жауады. Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде –5…–7 градус, күндіз –1…–3 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте