World News

ҚАРА ПИМА сценарийі

1-КӨРІНІС Сахнада көңілді көрініс. Үй іші айнадай тап-таза, диван, теледидар, орындықтар, биік үстел, жерде кілемдер төсеулі. Дастархан жасап жүрген жас келіншек. Ыңылдап әнтедіп қояды. Баласы қуанып кіреді. Мақсат: -Мама, мама! Мен сабақтың бәрінен де бес деген баға алдым! Шешесі (құшақтап): -Айналайын құлыным! Түріңнен сол. Әкесінен аумай қалған. Ақылыңнан сенің. Баласы: -Мама. Мен әкем сияқты ел мақтайтын маман болам. Сізді, әкемді жұмыс істетпей асыраймын. Шешесі: -Күнім менің! Жалғызым... Ол үшін көп оқып, көп еңбектену керек. Баласы: -Иә, мен бәріне даярмын. Үнемі дайындалып жүрмін. Шешесі: -Білем, жарығым, білем. Кейде әкең ұрсып жарықты өшіретіні сол ғой. Баласы: -Мықты болу үшін, көзім ашық болу...

Читайте на сайте