“Бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын“: әкесін өлгенше сабаған ер адам сотта жылап жіберді
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотында қарт әкесін жүйелі түрде соққыға жықты деп айыпталған ер адамға қатысты резонанс тудырған іс аяқталуға жақын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айыпталушының соңғы сөзі
Сот отырысы барысында айыпталушы эмоциясын ұстай алмай, жылап жіберді. Ер адам өз кінәсін толық мойындап, қоғамнан кешірім сұрады.
"Баршаңыздан кешірім сұраймын. Бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын. Істеген ісіме шын жүректен өкінемін. Туыстарымнан кешірім сұраймын. Ашуға берілдім. Өмір бойы өкініп өтемін. Қателестім. Бүкіл мұсылман халқынан кешірім сұраймын. Мені түсініп, кешірулеріңізді өтінемін. Кінәмді толық мойындаймын", – деді ол сотта.
Еске салайық, бұған дейін прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!