World News

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карталар енгізіледі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында балаларды әлеуметтік желіге шектеп кіргізу саясаты қалай жүргізілетінін түсіндірді.

— Шектеу мәселесіне келсек, қазір бірнеше ұсынысты қарастырып жатырмыз, жұмыс тобы құрылды. Балаларды заңға қайшы контенттен қорғау үшін көптеген елде қолданылатын тәсілдер бар. Бұл мәселе ашық, ол қоғаммен, ата-аналармен, педагогикалық қауымдастықтармен және БАҚ-пен бірге талқыланады, — деді ол.

Ведомство басшысы шектеу шарасы үш тәсіл негізінде іске асатынын айтты.

— Алдымен балаларға арналған SIM-карталарды тіркеуді енгізгіміз келеді. Бұл бірінші тәсіл. Екінші тәсіл – 14 жасқа дейінгі балалар заңға қайшы контентті көре алмайтындай тетік енгізу. Үшіншіден, қазір мектепте цифрландыру және медиа сауаттылық пәндері бар. Осы пәндер аясында біз балалардың цифрлық кеңістікте сауатты болуына күш саламыз, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұған дейін Әлеуметтік желіге кірушілерді жасына қарай шектейтін заң жобасы талқылауға шығарылатынын жазған едік.

Сообщение Қазақстанда балаларға арналған SIM-карталар енгізіледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте