World News

Журналистік әдеп мәселелерінің ұлттық сипаты

Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында журналистік қызметтің қоғамдық маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Ақпарат тарату жылдамдығының күшеюі, әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалардың кеңеюі журналистің әрбір сөзі мен әрекетіне жоғары жауапкершілік жүктейді. Осы үдерісте журналистік әдеп мәселесі тек кәсіби талап ретінде ғана емес, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды сақтаудың маңызды тетігі ретінде көрініс табады. Қазақ қоғамында сөз қадірін терең бағалау, ар-ожданды биік қою, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді ұстанымдар ғасырлар бойы қоғамдық қатынастарды реттеп келген. Осы дәстүрлі құндылықтар журналистік қызметте де негізгі бағдар болуы тиіс.

Журналистік әдептің құқықтық шеңбері қазіргі таңда Қазақстан Республикасының масс-медиа саласын реттейтін заңнамалар арқылы нақты айқындалады. Ақпарат...

Читайте на сайте