World News

15, 16 және 17 ақпанда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 15, 16 және 17 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

15 ақпанда елордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік бағытта, секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде -21…-23°, күндіз -6…-8°.

16 ақпанда синоптиктер көшпелі бұлтты, күндіз қар аралас жаңбыр, бұрқасын және көктайғақты болжайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады: түнде 2–7, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде -10…-12°, күндіз -2…0°.

17 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде -3…-5°, күндіз шамамен 0°.

Алматы

15 ақпанда көшпелі бұлтты болуы мүмкін, түнде жаңбыр мен қар жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, 2–7 м/с. Температура түнде -2…-4°, күндіз +5…+7°.

16 ақпанда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Температура түнде -1…+1°, күндіз +9…+11°.

17 ақпанда көшпелі бұлтты болуы мүмкін, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Температура түнде +0…+2°, күндіз +10…+12°.

Шымкент

15 ақпанда синоптиктер көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райын болжайды. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Температура түнде +2…+4°, күндіз +15…+17°.

16 ақпанда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Температура түнде +6…+8°, күндіз +13…+15°.

17 ақпанда көшпелі бұлтты болуы мүмкін, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°, күндіз +12…+14°.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте