World News

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Қазақстан халқы 20,5 миллион адам межесінен асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жеткен. Қалаларда 13 106 358 адам, ал ауылдарда 7 411 647 адам тұрады.

Қазақстандағы ең тығыз қоныстанған аймақтар - Алматы мен Түркістан облысы. Мұнда сәйкесінше 2 351 424 және 2 146 420 адам тіркелген.

Астанада 1 649 242 адам, Алматы облысында 1 600 814 адам тұрады. Шымкент халқы 1 298 279 адамға, Жамбыл облысының халқы 1 215 360 адамға жеткен. Карағанды облысында да 1 миллионнан аса адам тұрады - 1 131 435 адам.

Жыл басынан бері Қазақстан халқы 18,1 мың адамға артты. Оның 15,8 мыңы табиғи өсімнің есебінен, 2,3 мыңы – оң миграциялық сальдодан.

Ұлттық статистика бюро мәліметінше, 20 миллиондық межеге Қазақстан 2023 жылғы қарашада жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте