3 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы
Синоптиктер 3 наурыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еліміздің солтүстігінде аяз болып, қар жауады. Шығыста да қар түсіп, боран соғуы мүмкін. Оңтүстікте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі ықтимал. Батыс өңірлерде жауын-шашынсыз, бірақ тұман мен екпінді жел күтіледі.
Астанада түнде қар, күндіз аздаған қар және бұрқасын болжанады. Алматыда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Шымкент пен Түркістанда күн жылырақ: күндіз ауа температурасы 10–14 градусқа дейін көтеріледі.
Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Өскемен өңірлерінде қар мен боран, түнде қатты аяз күтіледі. Ақтау мен Атырауда жауын-шашынсыз, алайда тұман түсіп, жел күшейеді. Қызылорда мен Таразда да құбылмалы ауа райы сақталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!