World News

“Баланың қолын қайырған“: Алматыдағы түзеу орталығының жаттықтырушысы ұсталды

Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мән-жайы
Instagram блогер ер адам баланың қолын қайырып жатқан видео жариялады.
Қыз Алматыдағы түзету орталығында тәрбиеленушілерді жүйелі түрде ұрады деп жазған. Оның айтуынша, олардың көпшілігінде сөйлеу бұзылыстары бар, сондықтан өздеріне қатысты қатыгездікті жақындарына айтып бере алмайды.
Алматы полициясы не дейді?
Алматыдағы Алмалы аудандық Полиция басқармасы түзету орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған құқыққа қарсы әрекеттер дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынып жатыр", - делінген хабарламада.

Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені айтылды. Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте