World News

Израиль Иранның жаңа көшбасшысына қоқан-лоққы көрсетті

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның кез келген жаңа көшбасшысы Израиль армиясының "сөзсіз жою нысанасы" болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Израильді жою жоспарын жалғастыру, АҚШ-қа, еркін әлем мен аймақ елдеріне қауіп төндіру, сондай-ақ иран халқын қыспақта ұстау үшін Иран режимі тағайындаған кез келген көшбасшы сөзсіз жою нысанына айналады. Оның аты-жөні кім екені және қайда жасырынғаны маңызды емес", – деп жазды Кац Х әлеуметтік желісінде.

Израиль Қорғаныс министрлігінің басшысы премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен бірге армияға осы тапсырманы орындауға дайындалып, барлық шараны қабылдау туралы нұсқау бергенін қосты.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ дереккөздерге сілтеме жасап, Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба елдің келесі жоғарғы көшбасшысы етіп сайлағаны хабарланған болатын.
Еске салайық, 1 наурызға қараған түні Иран Жоғарғы көсемі Әли Хаменеидің қайтыс болғаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте