World News

Іздеуде жүрген түркиялық жынысын ауыстырған: ол Алматыда ұсталды

Алматыда Интерпол арқылы іздеуде жүрген түркиялық ұсталды. Ол жезөкшелікке делдал болғаны үшін іздеуде жүрген. Кейін осы уақыт аралығында ер адам жынысын өзгертіп, әйелге айналғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ерекше оқиға туралы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты. Оның сөзінше, күдікті былтыр қазанда ұсталған.

"Алматы әуежайында Бакуге ұшып кетпек болған түркиялық ұсталды. Ол жезөкшелікке делдал болғаны үшін Интерпол арқылы іздеуде жүрген. Уақытша ұстау изоляторына қамалған кезде күдікті жынысын ер адамнан әйелге ауыстырғаны белгілі болды. Қазір оны Түркияға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр", - деді полиция генерал-майоры.

Министрлік департаменті басшысының айтуынша, былтыр басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша Қазақстанда 690 іздеудегі адам ұсталған, ал биылдың басынан бері 60 адам қолға түскен.
Еске салайық, ақпанның басында Атырауда полиция екі трансгендерді ұстаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар ВИЧ инфекциясы бар екенін біле тұра жезөкшелікпен айналысқан. Олар 2025 жылғы желтоқсаннан бастап арнайы медициналық есепте тұрған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте