Эквадорда есірткі мафиясы мен елдің қарулы күштері қақтығысып жатыр
Эквадор мафиясы президент жариялаған төтенше жағдайға жауап ретінде бүкіл елде тәртіпсіздіктер мен қақтығыстар ұйымдастырды. Есірткі картелінің мүшелері тікелей эфирде телеарнаны басып алып, бірнеше полиция қызметкерін кепілге алды, түрмелерде бүлік шығарды. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.