Астаналық келіншек егіз балаларынан кейін үшем тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Елорданың биылғы алғашқы үшемі №2 қалалық көпсалалық ауруханада дүниеге келді. 25 жастағы Ажар Қабитова тұңғыш қызы мен егіз балаларынан кейін бірден үш ұлды дүниеге әкелді. Осылайша, жас отбасы 6 баланың ата-анасы болды.