Алматыда өз әріптесін абайсызда атып өлтірген полицей сотталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Алмалы аудандық соты былтыр жаз айында өз әріптесін абайсызда атып өлтірген полицейге қатысты үкім шығарды. Сот анықтағандай, 2023 жылдың жазында сотталушы К. күзет ауысымына келген. Оның әріптесі қызметтік қаруды алғаннан кейін, К.-дан белбеуін байлап алу үшін одан қаруды ұстай тұруын сұраған.