World News in Kazakh

Астана-Балқаш-Алматы тасжолын жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Астана-Балқаш-Алматы тасжолын жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

2017 жылы басталған Астана-Балқаш-Алматы тасжолының жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оның қашан аяқталатынын көлік министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана-Балқаш-Алматы - биыл жалпы 768 шақырымнан аумақ бойынша өтуге мүмкіндік бері

лді. Бұл нені білдіреді? Бұл автомобильдер жүре алатын асфальттың төменгі қабаты. Біз асфальттың жоғарғы қабатын төсеуіміз керек, яғни жабыны. Тапсырма берілді, биылғы міндетіміз - пайдалануға беруді қамтамасыз ету", - деді Қарабаев Сенат кулуарында.

Журналистер министрден тасжол биыл пайдалануға берілетініне уәде бере ала ма, сұрап көрді.

"Әрине, мен осы учаскелерді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге уәде беремін", - деді шенеунік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net