World News in Kazakh

Қылмыстық топ ұсталды: полиция Орал тұрғындарына үндеу жасады

Орал қаласында қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі мәдліметінше, олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген.

"Осы деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы колледж студенттері.

Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Егер сіз ұсталған тұлғалардан зардап шеккен болсаңыз, дереу полиция қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net