Қазақстанда 18 тасжол учаскесі жабылды
![Қазақстанда 18 тасжол учаскесі жабылды](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_357902/thumb_b/photo_119967.jpeg)
Қазақстандағы 18 учаскеде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
"15 ақпан сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Абай облысында - 2 учаске (177 шақырым)
Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 шақырым)
Алматы облысында - 1 учаске (84 шақырым)
Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 шақырым)
Жамбыл облысында - 1 учаске (450 шақырым)
Жетісу облысында - 1 учаске (100 шақырым)
Қостанай облысында - 1 учаске (83 шақырым)
Қызылорда облысында - 1 учаске (815 шақырым)
Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (249 шақырым)
Түркістан облысында - 2 учаске (283 шақырым)
Ұлытау облысында - 1 учаске (115 шақырым)
"Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 техника және 1475 жолшы жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!