World News in Kazakh

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуші ұстаз

Мақалада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті Е.Н. Нояновтың еңбек жолы айтылады. (тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ноянов Еділ Ноянұлының 60 жас мерейтойына арналады)

1934 ж. құрылған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне биыл 90 жыл толып отыр. Осы бір ғасырға жуық уақытта университетте көптеген ұстаздар мен ғалымдар білім беріп, жастарды ғылымға баулыды, еліміздің ғылымын дамытты. Олар жоғарғы оқу орнының ғана емес, туған елінің де дамуына үлкен үлес қосты. Осы орайда жастарға ұлттық тәрбие беріп, тарих нәрімен сусындатып жүрген білікті маман, ұлағатты ұстаз, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ноянов Еділ Ноянұлы биыл сәуір айының 16-шы жұлдызында мерейлі 60 жасқа толып отырғандығын айтып өткіміз келеді.

Еділ Ноянұлы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Кіші Қамқалы ауылындағы К.Мынбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған соң, 1982-1984 жылдары Ленинград қаласында...

Читайте на 123ru.net