World News in Kazakh

Алматыда есірткіге мас ер адам BMW көлігін ұрлап кеткен

Алматыда есірткіге мас ер адам BMW көлігін ұрлап кеткен

Алматы облысында BMW көлігін ұрлады деген күдікпен 21 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция мәліметінше, ұсталған адам есірткілік масаң күйде болған, бұл ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғасының қаупін едәуір арттырған.

"Алматы-Өскемен тасжолында жарияланған жоспар аясында автокөлік ұрысы ұсталды. Ақпаратқа сәйкес, Алматыда белгісіз біреу BMW маркалы автокөлігін ұрлап, мегаполис сыртына айдап қашып кеткен. Патрульдік полицейлер Қонаев бағытында жоғары жылдамдықпен келе жатқан ұрланған шетелдік автокөлікті байқап үлгерді. Алматы – Өскемен тасжолының 19-шақырымында Алматы облысының тәртіп сақшылары жүргізушіні қуып, тоқтатуға мәжбүрлеп, ақыры оны ұстады", - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Медициналық сараптама ұсталған ер адамның есірткі қабылдағанын растады. Сондай-ақ, күдіктінің қолында көлік жүргізу құқығын беретін құжаттары болмаған. Тәркіленген BMW көлігін арнайы тұраққа орналастырған полицейлер күдіктіні жақын жердегі полиция бөліміне жеткізді. Көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net