Йодтың қажеттілігі
Йод гормондардың синтезіне қатысатын және олардың құрамдас бөлігі болып табылатын жалғыз микроэлемент. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, 1,5 миллиардқа жуық адам осы элементтің жетіспеушілігінен зардап шегіп жатыр.
Адамға 1 тәулікте 100-200 микрограмм йод жеткілікті. Ағзада 20-50 мг ғана йод бар, оның 60%-ы қалқанша безде, 40%-ы бұлшықеттерде, анабезде және қанда болады. Денедегі мөлшері аз болғандығымен, бұл микроэлементсіз салауатты өмір сүру мүмкін емес. Оның жетіспеушілігі адам денсаулығына теріс әсер етеді.
Йод — адамның қалыпты өсуіне және дамуына қажетті микроэлемент. Ол организмге түскеннен кейін қалқанша безге жиналып, тироксин мен трийодтиронин сияқты гормондардың құрамдас бөлігіне айналады. Бұл гормондар — ағзадағы зат алмасу процесін реттеп,...