World News in Kazakh

Қазақстанда маусымда қанша күн демаламыз - күнтізбе

Қазақстанда маусымда қанша күн демаламыз - күнтізбе

2024 жылдың маусымында қазақстандықтар 11 күн демалады. Бұл айда қазақстандықтар мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі - Құрбан айтты тойлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылы Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Осылайша қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде үш күн – 15, 16 және 17 маусымда демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін маусымда 19 жұмыс күні және 11 демалыс күні болады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 24 күн жұмыс істеп, 6 күн демалады.

Tengrinews.kz©

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net