World News in Kazakh

ІІМ өкілі адам өліміне әкелген жол апаттарының негізгі себебін айтты

ІІМ өкілі адам өліміне әкелген жол апаттарының негізгі себебін айтты

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Қазақстанда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғаларының негізгі себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, биыл алты мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Онда 542 адам қаза тауып, жеті мыңнан астамы жараланған. Сұлтанбаевтың айтуынша, апаттардың негізгі себептерінің бірі жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы.

"Статистикаға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының 84 пайызы елді мекендерде болған, бұл ретте адам шығынының төрттен бірі - жаяу жүргіншілер", - деді Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net