World News in Kazakh

Астанада LRT құрылысына байланысты көшелер жабылады

Астанада LRT құрылысына байланысты көшелер жабылады

Астанада LRT жүйесінің құрылысына байланысты тағы бірқатар жол жартылай жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City Transportation Systems баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

LRT құрылысын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі. Астана Полиция департаментінің келісімі бойынша:

22 мамырдан 20 маусымға дейін Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосы көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылына қарай қозғалыс ашық болады;

24 мамырдан 20 маусымға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылындағы көлік айрығына дейінгі аралығындағы қозғалыс жолақтарын тарылту арқылы ішінара шектеу енгізіледі.

"Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net