World News in Kazakh

Саятшылық кезінде қажетті құрал-жабдықтар

Саятшылық кезінде қажетті құрал-жабдықтар: аяққап, иыққап, таңдай ағаш, құндақ, қауырсын, тұяқтар,сонар, бүркіт, аң аулау, аңшылық,Құсбегілік Сонар, салбурында аяз суықтан бүркіттің саусақтарын тоңу мен мұздаудан сақтайтын аң терісінен, жарғақ немесе қырымнан тігілген жабдық. Жезтұяқ, саусаққап (аяққап) болса, бүркітке қарсылық көрсетсе саусақтарын шайнап, жарақаттаудан қорғауға да септігін тигізеді. Көбіне ұядан алынған тәжірибесі аз «қол бал аға» алғашқы жылы кигізеді.

Аяққап

Сонар, салбурында аяз суықтан бүркіттің саусақтарын тоңу мен мұздаудан сақтайтын аң терісінен, жарғақ немесе қырымнан тігілген жабдық. Жезтұяқ, саусаққап (аяққап) болса, бүркітке қарсылық көрсетсе саусақтарын шайнап, жарақаттаудан қорғауға да септігін тигізеді. Көбіне ұядан алынған тәжірибесі аз «қол бал аға» алғашқы жылы кигізеді. Аяққаптың сыртқы тысын суға қатпай, жылылық сақтайтын бұғының иленген жұқа, жұмсақ терісінен немесе жарғақ, қырымдардан, бүркіттің төрт саусағына шақтап пішіп, жиектерін жіппен торлап, ішін қуыстап қалыңдау матамен астарлап тігеді. Оны кейде әр саусаққа жеке-жеке киілетіндей қылып немесе төрт саусаққа біртұтас киіліп, табан бұжырына дейін жауып тұратындай ай қолғап пішіндес етіп тігеді. Дегенмен, көбіне саусақтарының ұшынан тұяқ шығып...

Читайте на 123ru.net