World News in Kazakh

Қазақ мифологиясындағы кейіпкерлер

Қазақ мифологиясында адам жейтін, сирақтан ұстап суға батыратын, алдап-арбайтын, бірақ түбі үнемі жеңіліске ұшырайтын зұлымдар бар. Бұл — мифтік кейіпкерлер. Жалмауыз кемпір мен мыстан кемпір, албасты мен жезтырнақ қалай пайда болды? Жағымсыз кейіпкерлер не себепті әйел бейнесімен берілген? Қазақ мифологиясындағы кейіпкерлер Қазақ мифологиясы, Жалмауыз кемпір, Жезтырнақ, Мыстан кемпір, самұрық, таусоғар, көлтауысар, саққұлақ, желаяқ, епті, Қаңбақ шал, Тазша бала.

Қазақ мифологиясында адам жейтін, сирақтан ұстап суға батыратын, алдап-арбайтын, бірақ түбі үнемі жеңіліске ұшырайтын зұлымдар бар. Бұл — мифтік кейіпкерлер. Жалмауыз кемпір мен мыстан кемпір, албасты мен жезтырнақ қалай пайда болды? Жағымсыз кейіпкерлер не себепті әйел бейнесімен берілген?

Қазақ мифологиясында қандай кейіпкерлер бар?

Мифологияда 40-тан астам кейіпкер бар. Олардың бірі адам жанын алатын қаскүнем болса, енді бірі — жағымды кейіпкерлер. “Қазақтың мифтік кейіпкерлері” деген кітапта қазақ фольклорындағы мифтік кейіпкерлер алты топқа жіктелген:

Тотемдік кейіпкерлер: көк бөрі, көк өгіз.

Шамандық кейіпкерлер: самұрық, бәйтерек, бақсы.

Демонологиялық кейіпкерлер: албасты, жезтырнақ, жалмауыз, мыстан кемпір, пері, шайтан, жын, дию.

Хтоникалық кейіпкерлер: дәу, алып, ергежейлі.

Ілкі...

Читайте на 123ru.net