World News in Kazakh

Абай облысында малға орнатылған чип ұрыларды ұстауға көмектесті

Абай облысында полицейлер екі адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалбатау – Семей тасжолында автокөліктерді тексеру барысында Жарма ауданы тұрғынының көлігі тоқтатылған. Ол ет тасымалдамақ болған. Малды цифрлық чиптеу тергеу аясында ет өнімдерінің иесін анықтауға көмектесті. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар аймақ тұрғындарына тиесілі 26 жылқыны ұрлады деген күдікке ілінген.

Мал ұрлығына жол бермеу үшін ІІМ қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады:

малды қараусыз қалдырмаңыз;
GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;
малды чиптеуді ұмытпаңыз, бұл болашақта ұрланған малды іздеуге, сондай-ақ ықтимал дауларды шешуге көмектеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net