Алматыдағы автобус апаты: оқиғаның видеосы пайда болды
Алматыда болған автобус апатының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазба редакция нөмеріне келді.
Оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің алдын ала деректері бойынша, KIA маркалы көлік жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, "City bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқан, ол кейіннен кедергіге соқтығысқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!