World News in Kazakh

"5 сағатқа созылды". Алматы тауларында туристер құтқарылды

Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, 5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмай қалған.

"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары және Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристтер аман-есен табылды", - делінген хабаламада.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа созылған. Туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net