World News in Kazakh

СҚО-да полиция департаменті госпиталінің басшысы ұсталды

СҚО-да полиция департаменті госпиталінің басшысы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында Полиция департаменті госпиталінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін мессенджерлерде госпиталь басшысы пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тараған болатын.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке госпиталь басшысының ұсталу дерегін растады.

"Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы билікті немесе қызметтік өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net