World News in Kazakh

Алматы облысында 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері есірткіге қатысты 104 құқықбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров айтты. Биыл есірткіге қарсы бағыттағы 265 профилактикалық іс-шара өткізілген.
Жыл басынан бері есірткіге қатысты 104 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 58 қылмыс, яғни 27 дерек есірткі заттарын сату, 23 дерек аса ірі мөлшерде есірткі сақталуына қатысты болды. Сонымен қатар, есірткінің синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымына байланысты 46 дерек анықталды.
Жыл басынан бері облыс аумағында 10 зертхана жойылып, заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді.

"Бұдан бөлек, біздің қызметкерлер интернетте де жұмыс істейді. Жыл басынан бастап мониторинг нәтижесінде бұғаттау мақсатында есірткі заттарының жарнамасы бар 66 сілтеме "киберқадағалау" бағдарламасына енгізілді", - деп толықтырды Қайсаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net