Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
3 шілдеде елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы.
4 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы.
5 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
3 шілдеде қалада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус жылы.
4 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы.
5 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!