World News in Kazakh

Қазақстанда жаңа ұлттық орталық құрылады

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық құруға өкім берді. Бұл туралы Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатта айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық (ИҚҰО) инвестициялық қызметтің ұйымдық құрылымын жақсарту мақсатында құрылады.
ИҚҰО міндеттері:

Инвестициялар тарту кеңесі хатшылығының қызметін ұйымдастыру;бәсекеге қабілетті инвестициялық ахуалды құру үшін реттеушілік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;Үкімет басшылығының тапсырмасы бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу;мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу кезінде салааралық үйлестіру;инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау.

Орталықты премьер-министрдің бірінші орынбасары басқарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net