World News in Kazakh

Сарыбай мен Шәбден

Сарыбай мен Шәбден туралы әңгіме. Сарыекең дауда сүрінбеген би, әйгілі шешен. Бидің шешендігін сынайыншы деп Шәбден манап бірде қырғыз-қазақ бас қосқан бір жиында төтеден сұрақ қойыпты:

Сарыекең дауда сүрінбеген би, әйгілі шешен. Бидің шешендігін сынайыншы деп Шәбден манап бірде қырғыз-қазақ бас қосқан бір жиында төтеден сұрақ қойыпты:

— Қартайған адамның неше түрі болады? — депті.

— Қартайған адам үш түрлі болады. Не дана, не бала, не шала болады адам қартайғанда, — депті Сарыбай.

— Осыны тарқатып айтып бере аласыз ба? Сарыеке, — депті Шәбден. Сонда Сарыбай былай депті:

— Еліңе қадыры асса, дана демей немене, өсек пенен сөз тасыса, шала демей немене, алжып елден қашса, бала демей немене, — деген екен.

Оқуға кеңес береміз:

Сарыбай мен Жамбыл

Читайте на 123ru.net