World News in Kazakh

ШҚО-да әйел найзағай түсіп қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында әйел найзағай түсіп қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Устинка LIVE" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 2 шілдеде Черемшанка ауданында болған. Әйел ат үстінде келе жатқан, жанында тағы бір жылқы келе жатқан. Кенеттен жаңбыр жауып, күн күркіреген.

"Найзағай ат үстіндегі әйелге түсіп, бірден бәрі қаза тапқан", - деп жазады Устинка LIVE.

ШҚО ПД баспасөз қызметі мәліметінше, әйелдің өліміне қатысты сараптама тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net