World News in Kazakh

Иран басшысының м. а. жақында қаза тапқан Ибрахим Раисидің суретін саммитке алып келді

Иран басшысының м. а. жақында қаза тапқан Ибрахим Раисидің суретін саммитке алып келді

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтіп жатыр. Иран басшысының міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер жақында қайтыс болған ел президенті Ибрахим Раисидің суретін үстелге қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ибрахим Раисидің суреті елдің туының жанына, Иран президентінің міндетін атқарушының үстеліне орнатылған.

видео кадры

Еске салайық, 19 мамырда Иран президенті мінген тікұшақ тұман салдарынан елдің солтүстігіне жайсыз қонып, ел басшысы қаза болды. Қалған екі тікұшақ аман-есен қонған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net