World News in Kazakh

Бұрынғы қорғаныс министрі Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болады

Бұрынғы қорғаныс министрі Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болады

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2025-2027 жылдарға бас хатшысы тағайындалды. Бұл лауазымды Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев атқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай шешім Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қабылданды.

Ермекбаев ұйымды 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқарады, ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бас хатшы қызметін атқарып келген Қытай өкілі Чжан Минді ауыстырады. Қазір Ермекбаев ұйымның бас хатшысының орынбасары.

Нұрлан Ермекбаев – Қазақстанның мемлекет қайраткері, төтенше және өкілетті елшісі, саяси ғылымдарының кандидаты. Ол 2018 жылғы 7 тамыздан 2021 жылғы 31 тамызға дейін ҚР Қорғаныс министрлігін басқарды, генерал-лейтенант әскери атағы бар. Қазақстан ШЫҰ-ға 2023 жылдың шілдесінен бастап төрағалық етеді. Астана саммитінен кейін ұйымға төрағалық Қытайға өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net