World News in Kazakh

Синоптиктер Атырау және Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Атырау және Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады

5 шілдеде Қазақстанның екі қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"5 шілдеде Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net